Аты Жүктеу
1
Методические рекомендации по подготовке обучающихся
9 (10) классов к сдаче итоговых выпускных экзаменов
в 2020-2021 учебном году
2  2020-2021 оқу жылында 9 (10)-сыныптардың білім
алушыларынқорытынды бітіру емтихандарын тапсыруға дайындау
бойынша әдістемелік нұсқаулық
3
Инструкция
по организации и проведению итоговой аттестации по образовательным
программам основного среднего и общего среднего образования в период
ограничительных мер в связи с распространением коронавирусной
инфекции в 2020-2021 учебном году 
4  МОН хаты-1763-И14052021133054
5  Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты
шектеу іс-шаралары кезеңінде негізгі орта және жалпы орта білім беру
бағдарламалары бойыншақорытынды аттестаттауды 2020-2021 оқу
жылында ұйымдастыружәне өткізу жөніндегі
нұсқаулық

 


 

 

 


 

 

29.05.2020-ғы № 15-3-11/1152 шығыс хаты

01.06.2020-ғы № 1239 кіріс хаты

20.05.2020-ғы № 5-11-5/1873-И шығыс хаты

20.05.2020-ғы № 4788 кіріс хаты

«Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған

мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

Мектеп бітіру іс-шарасы:

(соңғы қоңырау мерекесі және аттестатты салтанатты тапсыру)

 

 

Түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін соңғы қоңырау мерекесі мен аттестатты салтанатты тапсыру біріктірілуі тиіс және мектеп қабырғасында бір күнде шектеулі контингентпен, яғни ағымдағы жылдың түлектері мен олардың 2-ден аспайтын ата-аналарының қатысуымен ғана санитарлық-гигиеналық шектеулерді қамтамасыз ете отырып өткізілуі қажет.

Мектеп бітіру іс-шарасы тек 11 сынып түлектеріне ғана өткізіледі.

Аттестатты тапсыру - әрбір түлектің өміріндегі ересек дербес өмірге қадам жасардағы маңызды оқиға. Аталған маңызды мектеп іс-шарасы түлектің өмір бойына естелік болатынына және жадында сақталатындығына басты назар аудару маңызды. Әр түлектің бойында өзінің мектебіне деген мақтаныш және өзінің ұстаздарына алғыс сезімін тәрбиелеу.

Өткізілетін орны

Мектеп бітіру іс-шарасы қатысушылардың шектеулі контингентімен әр сыныпта жеке түлектерге аттестат беріле отырып өткізілуі тиіс (таза ауада 100 адамға дейін).

Соңғы қоңырау бойынша іс-шаралар

22 мамырда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің «Балапан», «Еларна» телеарналарында 11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдарлау бойынша бірыңғай телесабағы өткізіледі. 

25 мамырда сағат 11.00-де жергілікті телеарналарда Министрдің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және  Шымкент қалаларының басшылығы өкілдерінің құттықтауы. Телеарнадағы сюжеттік қатар білім мәселелеріне арналады (үздік мұғалімдер, оқушылардың жетістіктері, өңірдің үздік білім жобалары және т.б.)

25 мамыр (икемді кесте бойынша) онлайн соңғы қоңырау әр сыныпта барлық оқушының қатысуымен (ата-аналары мүмкіндігінше қатысады) өткізіледі. Шақырылатын қонақтар - қамқоршылық кеңестің өкілдері, өңірдің танымал адамдары, еліміздің және әлемнің үздік унверситеттерінде оқитын өткен жылдардың табысты түлектері, бизнес өкілдері, т.б.

Өткізілу күні:

2020 жылғы 3-4 маусым (11 сыныптарға арналған қорытынды мектеп бітіру іс-шарасы).

Мектеп бітіру іс-шараларының мақсаты:

Мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, патриотизмге тәрбиелеу, білім құндылықтарын қалыптастыру, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.

Міндеттері:

 

- түлектің имиджін арттыру;

- «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау;

- болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын белсендіру;

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсету;

- мектеп бітіру іс-шараларын БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және ауқымды жариялау.

Мектеп бітіру кешін өткізудің ұсынылатын регламенті

 

 

Жеке кесте бойынша сағат 10.00-ден бастап. Әр бітірушілер сыныбына 1 сағаттан.

Бірінші бітірушілер сыныбы: сағат 10.00-10.40

I кезең: Салтанатты бөлім ( «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау, аттестат беру, соңғы қоңырау).

Іс-шараның алгоритмі:

- қатысушыларды алдын ала сызылған сызықтар бойынша тұрғызу;

-директордың сөз сөйлеуі;

- ата-ананың құттықтауы;

- сынып жетекшінің құттықтауы;

- түлектің құттықтауы;

- «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау;

- аттестаттарды тапсыру;

- соңғы қоңырау.

II кезең: 10.40.-11.00

Санитарлық нормаларды сақтай отырып  «Ағаш отырғызу» .

Сынып жетекшінің басшылығымен. Ағаш отырғызу аяқталған соң сынып жетекші түлектерді үйлеріне қайтарады.

Екінші бітірушілер сыныбы: сағат 11.00-12.00

Іс-шараның алгоритміне сәйкес.

Үшінші бітірушілер сыныбы: сағат 12.00-13.00

Ары қарай әр сынып жеке-жеке.

Іс-шаралардың арасы 20-30 минуттан кем емес болуы тиіс.

Әр іс-шара өткізілгеннен кейін мектептің техникалық қызметі мектеп бітіру іс-шарасы өткізілген жерге дезинфекция жасайды.

Іс-шарада паралелді сыныптардың түлектері мен олардың ата-аналарының кездесулеріне жол берілмейді.

Мектеп басшылығы алдын ала түлектер мен олардың ата-аналарын мектеп бітіру іс-шарасының кестесінен, балалар мен олардың ата-аналарының карантин кезіндегі санитарлық талаптарды сақтау ережесінен хабардар етеді.

Нормативтік құжат:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында концептуалды негіздері (ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы).

Мектеп бітіру іс-шараларын ұйымдастырушы:

 Мектеп әкімшілігі, сынып жетекші, қамқоршылық кеңес

Мектеп бітіру іс-шараларының құрметті қонақтары:

 

 

Түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін мектеп бітіру іс-шаралары құрметті қонақтарды шақырусыз, соның ішінде мектептің өткен жылдардағы түлектерінің қатысуынсыз  өткізіледі.  

Іс-шараға екі ата-анадан немесе заңды өкілінен  көп емес қатысуы ұсынылады (бір мезетте 100 адамға дейін).

Мектеп бітіру іс-шараларын өткізу бойынша ұсынымдар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 - мектеп бітіру іс-шараларын міндетті түрде мектеп қабырғасында және мектеп ауласында, ашық таза ауада өткізу,

- әлеуметтік осал отбасылар мен балаларға көмек көрсету бойынша түлектердің қайырымдылық бастамаларын қолдау «Қайырымдылық істер күні», «Балаларға мейірімді жүректен», «Пайдалы іс – өзіңе ырыс», «Туған елге тағзым», «Аялайық табиғатты бәріміз!» экологиялық десанты және т.б.

Жергілікті жерлердегі білім беру органдары карантинге байланысты, сондай-ақ, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін ұсынылған салтанатты мектеп бітіру іс-шарасының форматын қысқарту бойынша шешім қабылдай алады.    

Кешенді қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар:

 

 

 

 

- барлық қатысушыларға мектеп бітіру іс-шарасын өткізу тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы нұсқау беру;

- санитарлық және эпидемияға қарсы режимдердің, сондай-ақ жеке гигиена ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

-  төтенше жағдай болған жағдайда қауіпсіздік және  эвакуация шараларын сақтау;

- бетперде режимін және мектеп ауласы мен ғимаратында алдын ала сызылған сызбамен қатысушылардың арасының 1-1,5 метрден кем емес ара қашықтығын сақтауды  қамтамасыз ету;

- іс-шараның өткізілуін облыстық денсаулық сақтау қызметтерімен келісу.

 Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында:

 

- іс-шараны өткізуге ақшалай қаражат жинауға жол бермеу;

- мектеп әкімшілігіне және педагогтерге  кез-келген түрдегі сыйлықтар жасауға тыйым салу;

- мектеп бітіру іс-шараларына дайындық барысында әрбір отбасына жеке көзқарас қағидаларын сақтау;

- мектеп бітіру іс-шараларын мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшінің күшімен өткізу;

- мектептің қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.

Рұқсат етілмейді:

- іс-шара өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға;

- мектеп бітіру кешін сән-салтанатты өткізуге (сыныпты безендіру, түлектің сыртқы келбеті және т.б.)

- салтанатты дастархан ұйымдастыруға;

- прокатқа машина алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге; 

- мектеп бітіру іс-шарасын мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге.