Ілесова Гүлжайнар  Сағынбайқызы

Педагогпсихолог 

   

Білімі: жоғары


Еңбек өтілі:

барлығы: 21  жыл

осы салада: 5 жыл

 

Санаты: бірінші


Мамандығы:

бастауыш сынып  мұғалімі

педагог - психолог

 

«Жастар арасындағы нашақорлық»

Мақсаты: Есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу. Жастар арасында есірткіге қатысты проблемалар жайлы ақпараттандыру деңгейін жоғарылату; психоактивтік заттарды қолдануға қарсы дағдыларды дамыту

 

Міндеттер:

 

Қарастырылып отырған проблема жайлы жасөспірімдердің білім деңгейін анықтау.

 

Есірткіні қолданудың себептері мен салдары және іс-әрекеттердің мүмкін стратегиясы туралы нақты ақпарат беру.

 

Мәліметті қабылдау деңгейін тексеру.

 

Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. өкiнiштiсi сол қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.

 

Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.

 

Нашақорлықтың қалыптасуының екі негізі бар:

 

Отбасының қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық белгілері.

 

Сыртқы факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы, қиыншылықтар т.б.

 

Нашақорлықтың негізі туралы тағы бір ерекше козқарасты атап өтуге болады. Оның авторлары нашақорлық пен маскүнемдіктің негізі адамның ішкі нашақорлық жүйесіндегі «ауру» ретінде түсіндіреді. Бұл теория бойынша жануарлардың ағзасы сияқты адамның ағзасында табиғи ішкі есірткі деп аталатын заттарды өндіретін ішкі нашақорлық жүйе бар. Олар ағзаны аурудан, стресстен сақтайды, жақсы көңіл күйді, жұмысқа қабілеттілікті, ұйқыны қалыпта ұстайды. Ішкі есірткілердің өңделуі төмендегенде (мысалы: ауру немесе стресстен соң) депрессия басталады -өміге қызығушылығы жоғалады, көңіл күйі өзгереді, өзін нашар сезінеді, ұйқысыздық пайда болады. Мұндай жағдайда адам ішкі есірткілердің қорғауынсыз қалады және әр түрлі себептермен теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Ішімдік, есірткі заттары ағзаға ішкі есірткілер сияқты әсер етеді. Бұл шттарды жасанды есірткілер деп атайды. Уақытша рахаттану сезімін тудыра отырып, олар адам ағзасының нашақорлық жүйесін төмендетеді. Нашақор есірткі қабылдамаған жағдайда оның ағзасы ішкі есірткілдердің қорғануынсыз қалады және соның әсерінен депрессия, «сындыру» синдромы басталады. Өзін қалыпқа келтіру үшін адам жасанды есірткі қабылдауға мәжбүр болады..

 

Есірткілер немен қауіпті? 

 

Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді. 
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл. 

 

Есірткілерге тәуелділік деген не? 


• Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық 
• Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі 
• Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы 
• Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау) 
• Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру 
• Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға байланысты ахуалды бақылау қабылетін жоғалту 

 

Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті? 


• Есірткіледің бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен 
• Психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен 
• Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен 
• Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен 
• Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен 
• Есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен 
• Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін,

медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады. 
• Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен - есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп. 

 

Нашақорлықтың себептері

 

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады. 

 

Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:


•терісінің ағаруы; 
• ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау) 
• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу) 
• сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз) 
• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы) 
• баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы 
• қозғалу координациясының бұзылуы. 

 

Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады: 


• жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық; 
• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі; 
• есте сақтау қабылетінің төмендеуі; 
• сынағанды көтере алмау; 
• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары; 
• ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу; 
• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы; 
• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу; 

 

Нашақорлықпен күресу жолдары

 

Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.

 

Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.

 

Есірткінің зардабы және асқынуы

 

Нашақорлардың есірткіден улануынан оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден уландырады, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді.

 

Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болады, яғни, ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі, алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді демек адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі.

 

Нашақор әйелдерде түгелдей дерлік жыныс мүшесінің жұмысы бәсеңдейді, яғни, жатырларының еттері әлсірейді, сонымен қатар етеккірлерінің келуі де бұзылады (кейде ерте, кейде кеш). Ал нашақор әйел екіқабат болса, көптеген жағдайда түсік болады немесе олардан дімкәс кемтар балалар дүниеге келеді. Ер адамадарда да жыныс мүшесінің қызметі нашарлайды. Оларды оштеие, қызықтырмайды. Осы себепті өз жандарын өздері аямайды. бір инені бір-біріне беріп, жалғастырып сала береді. Бұл түрлі жұқпалы ауруларға (тері ауруларына, жұқпалы жыныс ауруларына, өкпе қабылуына) әкеп соғады. .

 

Қорытынды сөз: Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

 

Нашақорлық. Есірткіні қолданудың және оған кіріптар болудың зардабы сол: одан құтылу мүмкін емес.

 

Ата-аналар арналған кеңестер

 

Есірткілік заттарды қолданудың белгілері:

 

Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағы-наны береді.

 

Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да  есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.

 

Есірткі мен стимулятор дегеніміз адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзатын, рухани және физикалық тәуелділікке жол ашатын, жеке адам және қоғамдық жағынан экономикалық және әлеуметтік құлдырауға әкеліп соғатын заттар.

 

Жаман әдеттердің ең зияны болып табылатын есірткі қолдану әдетінің адамның денсаулығына, ақыл-ой және рухани дүниесіне, қоғамға тигізетін зияны өте көп.

 

Балаңыздан келесіні бақыласаңыз, дереу бақылауға алып, қажетті шараларды қолданыңыз:

 

Инъекция үшін бейімделу – шприц, ине, жгут, бөтелкелердің қақпақтары.

 

Қандай да бір химиялық заттар – реактивтер, препараттар, сұйық заттар, әсіресе еріткіш заттар, тұрмыстық және техникалық химия құралдары, тыныстауға, иіскеуге арнайы заттардың болуы (бетперде, түтікшелер).

 

Тұтас өсімдік немесе оның бөліктері, ұсақталғандары (гүлдің басы, жапырақ).

 

Әр түрлі форма мен әр түрлі түстегі таблеткалар ( әсіресе 714 нөмірінде штампалы), ампулалар, пластиктік пакеттегі кез-келген түстегі ұнтақ, емдік препараттың басқа да формалары.

 

Химиялық препараттарды тазалайтын құрал-жабдықтардың болуы, марлядан, бинттен жасалған қоңыр түсті еріткіш сіңірілген сүзгі.

 

Көздің астындағы қызарған ісік, мұрын жақтарының гиперемиясы, саусақтардың көгеруі, киім мен қолдағы дақтар, шаштан, теріден, киімнен спецификалық химиялық заттардың шығуы.

 

Теріде иньекция іздерінің қалуы – жекелей және көптеп, жаңадан және бұрынғы іздердің қолда, иықта болуы.

 

Қалтадағы ұсақ тұқымдар, синтетикалық материалдар, күйген шөптің иісімен араласқан дым.

 

Метанол иісі бар қораптағы петрушка.

 

Терең есірткілік немесе токсикалық масаюдың белгілері

 

Сананың әр түрлі тереңдіктегі бұзылысы:

 

Баяулық, нақты еместік, тілін күрмеп сөйлеу немесе сөйлеудің мүлдемге бұзылуы;

 

Жылдам сөйлеу, әңгіменің тақырыбынан ауытқи беру, дұрыс емес, тақырыпқа қатыссыз жауап беру.

 

Қозғалыс сферасының жағдайының бұзылуы – моторика, мимика, координация:

 

Жалпы ұялшақтық, баяу қозғалу, ұйқышылдық, жылдам оянып кету;

 

Мінез-құлықтық тежелу, жоғары деңгейдегі белсенділік, іс-әрекеттерде бірізділіктің жоқтығы;

 

Мимиканың өзгеруі.

 

Эмоционалды сфера, көңіл-күйдің өзгерісі:

 

Тежелу, шамадан тыс көңілділік, шамадан тыс күлкі, еш себепсіз ыржыңдау;

 

Ашуланшақтық, кек сақтау, агрессия.

 

Физиологиялық параметрлердің өзгеруі:

 

Пульстің жиілеуі, жоғары артериалды қысым, көздің бұлыңғырлануы, немесе қызаруы немесе жарқырауы.

 

Нашақорлықтың себептері

 

Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады. 

 

Нашақорлықпен күресу жолдары

 

Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.

 

Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.