Абижанова Гульзира  Битимбаевна-

мектеп директорының шаруашылық  

ісі жөніндегі орынбасары    

Туған жылы: 30.07.1977

Білімі:  Жоғары         

Факультеті: Есеп және аудит бөлімі

Мамандығы:  Бухгальтер 

Еңбек өтілі: 19 жыл

 

Мектептің материалдық-техникалық базасы

 

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1985 жылы пайдалануға берілді. Мектеп 1176 орындық оқушы контигентіне, 30 класс комплектісіне,   І ауысымға арналып салынған, 3 қатарлы ғимараттан тұрады. Құрылыс ауданы -2596,4м2.  Жалпы ауданы- 5144,3 м2. Ғимараттың ауқымы- 20676м3. Үй -жайлар бөлмелер саны-150.

Мектептің материалдық базасы жылма жыл нығайып келеді. 2013-2014 оқу жылында жаңа модификациялық химия кабинеті алынса, 2016-2017 оқу жылында өзін-өзі тану, география,  көркем еңбек / ұлдар/, көркем еңбек \қыздар\, физика кабинеттері және информатика компьютерлік сыныбымен толықтырылды. 2017-2018 оқу жылында 30 интерактивті тақтамен жабдықталды. Мектепке   74 компьютер бар. Бес оқушыға 1 компьютерден келеді. Кітапхана қоры жеткілікті.

Мектеп 2017-2018 оқу жылында 55 440 000 теңге қаражатқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде жылу қазандығы ғимаратының іші –сырты, терезелері, жылу жүйесі ауыстырылды. Мектептің ішкі еден төсеніштері мен кафель,  есіктері ауыстырылды. Сыртқы баспа бойлары мен бручатка салынды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ынғайлы пандус кондырылды.

Мектеп асханасына 1114627 теңге қаражатқа жабдықтар алынды. Мектеп асханасы 200 орындық. Күрделі жөндеу жүргізілді . Ішкі жарлары мен еденіне кафель төселді.